Центр инновационных образовательных технологий

Адаптации образовательной системы к цифровому поколению при помощи активного и эффективного использования основанных на ИКТ инновационных образовательных технологий, тем самым способствуя цифровой трансформации образования.

Семинарлар

ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ
«ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ САНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ»
Инновациялық білім беру технологияларын енгізу мақсатында 2019 жылдың 19 тамызынан бастап 26 қыркүйегіне дейін Алматы Технологиялық Университетінің базасында «Жаңа технологиялар (HiEdTec) арқылы Орталық Азиядағы жоғары білімді модернизациялау» http://hiedtec.ecs.uni-ruse.bg өткізілді. «Сандық білім беру ресурстарын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану және дамыту» оқытудың цифрлық дағдылары мен әдіс-тәсілдерін игеру бойынша оқу семинары (72 сағат).
Қатысушылар: оқытушылар құрамы
Семинар форматы: 2019 жылғы 19 тамыздан 22 тамызға дейін – күндізгі қатысу (16 сағат),
Өтетін орны – бас оқу ғимараты, 702 аудитория;
2019 жылғы 26 тамыздан 26 қыркүйекке дейін – өзіндік жұмыс және консультациялар (56 сағат).

Дәріс берушілер: Медведков Евгений Борисович, қашықтықтан оқыту факультетінің деканы, техника ғылымдарының докторы, профессор;
Калабина Анастасия Анатольевна, Инновациялық білім беру технологиялары орталығының директоры.

БАИжБА студенттеріне арналған сабақ кестесі курсына сәйкес: Оқыту процесінде сандық білім беру ресурстарын дамыту және пайдалану

Материалды меңгеруге арналған жалпы сағат саны – 72.

Сертификат алудың міндетті шарты – бұл бір дәріске немесе бір практикалық сабаққа дайындалған материалдар.

Ескерту: студенттерде ноутбук немесе планшет болуы керек.

Back to top